Система Orphus

Елімізде "Инновациялық жобалар және бизнес идеялар-2006" атты республикалық жастар байқауы басталды

22.08.2006, 14:44 498

АЛМАТЫ. 22-тамыз .Kazakhstan Today. "Жастар таңдауы" қоғамдық бірлестігі елімізде "Инновациялық жобалар және бизнес идеялар-2006" атты республикалық жастар байқауы басталғанын хабарлады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне бірлестіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара жас кәсіпкерлердің бизнес идеяларын жүзеге асыруға түрткі болу, жастаға арнап жаңа жұмыс орындарын құру, жастардың бизнесін дамыту мақсатымен өткізілуде.

Байқаулар тақырыбы ауылшаруашылығы, демалыс және көңіл көтеру, туризм және спорт, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету саласына арналған. Шараға 16 мен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар құрама түрінде немесе жеке қатыса алады.

Байқауға қатысу туралы өтініш 22 тамыз бен 10 қазан аралығында қабылданады.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны