29.09.2011, 09:05 6422

Елімізде қазан айының басында ауа-райы жылы болады

Қазақстанда қазанның алғашқы жартысында ауа-райы жылы болады, екінші жартысында суық түсіп, республиканың солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" гидрометеоорталығының директоры Баян Сазанова мәлім еткен.

Астана. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today - Елімізде қазан айының басында ауа-райы жылы болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда қазанның алғашқы жартысында ауа-райы жылы болады, екінші жартысында суық түсіп, республиканың солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" гидрометеоорталығының директоры Баян Сазанова мәлім еткен.

"Қазан - ауыспалы ай, алғашқы жартысында жылы болса, екінші жартысында жауын-шашын болады деп күтілуде: Қазақстанның солтүстігінде қысқа мерзімді қар аралас жаңбыр жауады", - деді Сазанова сәрсенбі күні Астанада өткен Метеорологтардың конгресі шеңберiндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда "қоңыр күз" әлi жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны