03.03.2015, 09:25 3758

Елімізде күн ашық болады

Қазақстанныӊ барлық аумағы әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ барлық аумағы әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алдағы үш күнде елімізде ауа температурасы климаттық нормадан 5-10И жоғары болады, күн ашық әрі ала бұлтты болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, Батыс Қазақстан, Атырау, Маӊғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таӊертеӊ Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде және таӊертеӊ 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында Жалаӊашкөл ауданында 23-28 м/с жел соғады, екпіні 30 м/с-тен асады.

Естеріӊізге салып өтсек, Алматы облысында кеше сағат 10:40-тан бастап күн райыныӊ құбылмалы болуына байланысты "Үшарал - Достық" (83-184 км) автожолыныӊ учаскесінде автокөліктіӊ барлық түрі үшін қозғалыс жабық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны