24.06.2026, 16:02 149071

Елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі

Елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі
Ұлттық домбыра күні - 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. Мұндай Жарлыққа Қазақстанның Тұңғыш президенті 2018 жылдың 13 маусымында қол қойып, айтулы мерекені бекіткен болатын.

Домбыра - қазақ халқының ең көне әрі қасиетті музыкалық аспабының бірі екендігі баршаға аян. Қазақ халықының сан салалы өнері ішіндегі сан ғасырлық тарихы бар ерекше арнасы - домбырашылық-күйшілік дәстүрі болып табылады. Археологиялық және этнографиялық деректер бойынша домбыра тектес аспаптар Еуразия даласында мыңдаған жыл бұрын қолданылған. Кей деректерде оның тарихы 2000-6000 жыл аралығын қамтитыны айтылады.

Домбыра аспабының қазақ халқының руханиятында алар орны ерекше. Музыкалық аспаптың қалыптасуы көне замандардан бастау алады. Алтайдан Анадолғы дейінгі түркі тілдес халықтарда домбыра аспабы кеңінен тарлаған.


Алғашқы домбыра аспабының пайда болып, шыққан жері түркі халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады. Академик Ахмет Жұбанов: "Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең ауялы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады" дейді. Домбыра аспабының ең көне нұсқалары Алтай-Моңғол тауларындағы Жарғаланд-Қайырқан жоталарындағы үңгірлерден екі ішекті пернелері бар домбыра аспабы табылған. Алғашқы табылған саз аспабының шанағында көне жазулар болған. Ол жазуларды Берлиндік түркітанушы ғалым Peter Sieme оқып, түркітанушы ғалым Қ. Сартқожаұлының айтуы бойынша "Жұпар күй әуені бізді сүйіспеншілікке бөлейді" - деп жазылған. Бұл құнды жәдігер б.з.д 5-6 ғғ. жатады.


Қазақ халқының домбыра аспабында орындаушылық музыка өнері XIX ғасырда ерекше дамыды. Қазақ халқында домбыра аспабында күй тартудың негізгі екі жүйесі қалыптасқан: 1) Төкпе күйшілік дәстүр; 2) Шертпе күйшілік дәстүрі қалыптасты. Домбыра аспабын өмірінің мәніне айналдырған ұлт тарихында күйшілер Құрманғазы, Тәттімбет, Сейтек, Сүгір, Түркеш, Дәулеткереей Қазанғап, Есбай, Қожеке, Әлшекей Дина Нұрпейісова сынды күйші-композиторлар қазақтың домбыра аспабы арқылы дүстүрлі күйшілік мектептерді қалыптастырды. Көптеген домбыра аспабы арқылы күй шерткен ұлы күйшілердің музыкалық аспаптары Алмат қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық халық аспаптар музейінде сақталған.

Бүгінгі күні домбыра - тек ұлттық аспап емес, ол Қазақстанның мәдени брендіне айналған рухани құндылық. Заманауи орындаушылар мен кәсіби оркестрлер оның дамуын жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік мәдени кеңістікте танытуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны