Система Orphus

Елімізде мотокөлік әуесқойларына жүргізуші куәлігін алу міндеттелмек

14.04.2015, 17:40 2344

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Бұдан былай Қазақстанда мотоцикл, скутер, трицикл, квадроцикл және мопедті басқару үшін жүргізуші куәлігін алу міндеттеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Егер бұрын қозғалтқыш көлемі 50 текше см-ден кем мотокөлікті айдау үшін жүргізуші куәлігі талап етілмесе, қазір көліктіӊ аталған санатында қозғалтқыш көлемі бойынша төменгі шек белгіленбеген. Яғни қозғалтқыш көлеміне қарамастан, егер сіздіӊ мотокөлігіӊіз жылдамдықты сағатына 50 шақырымға арттырса, жүргізуші куәлігініӊ болуы міндеттеледі", - деп түсіндірді И.Лукьянина, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес "А1" санатты жүргізуші куәлігін 16 жасқа толған, ал "А" санатын 18 жастағы тұлғалар ала алады.

"Бұған қоса, мотокөлігі бар жүргізушілер көлікті әкімшілік полицияда есепке қойып, мемлекеттік нөмір белгілерін алуы тиіс", - деп нақтылады баспасөз хатшысы.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны