24.01.2012, 11:44 3590

Елімізде өткен жылы сатылған жеңіл көліктер саны 85 пайызға артқан

2011 жылы 40266 жеңіл автомобиль сатылған. Бұл туралы кеше Алматыда "Астана Моторс" Қазақ мотор компаниясының 2011 жылғы қызметінің қорытындысына арналған баспасөз мәжілісінде айтылды.

Алматы. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Елімізде өткен жылы сатылған жеңіл көліктер саны 85 пайызға артқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылы 40266 жеңіл автомобиль сатылған. Бұл туралы кеше Алматыда "Астана Моторс" Қазақ мотор компаниясының 2011 жылғы қызметінің қорытындысына арналған баспасөз мәжілісінде айтылды.

"2011 жылы Қазақстанда 40 266 жеңіл автомобиль сатылды. 2010 жылы ол 21 810-ды құраған болатын. Былтыр өсім 85 пайыз. Оның ішінде "Астана Моторс" компаниясының үлесі 2010 жылы 2 273 дана болса, 2011 жылы 6069-ды құрап, өсім 167 пайызды құрады. Ал компанияның сатылымдарының өсуі нарықтық қарқыннан 2 есе асты. Сондай-ақ басқа автомобиль компанияларының жеңіл автомобильдерді сату көлеміндегі "Астана Моторс" компаниясының үлесі былтыр 10 пайыздан 15 пайызға дейін ұлғайды", - дейді Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов. Оның айтуынша, 2011 жылы Қазақстанда коммерциялық техника мен автобустардың 486 данасы сатылды. 2010 жылы ол 667 дана болған. Оның ішінде "Астана Моторс" компаниясы 2011 жылы коммерциялық техника мен автобустар сатуды 120-дан 225-ке дейін арттырды. Өсім - 87,5 пайызды құрап, нарықтық қарқыннан ол да екі есе асып түсті. Соның нәтижесінде компанияның үлесі 2010 жылғы 25-тен 34 пайызға дейін өсті.

Сондай-ақ, 2011 жылы Қазақстанда автомобиль нарғында сатылымдар 2 есе өскен.

Astana Group президенті Нұрлан Смағұловтың айтуынша, Қазақстандағы автомобиль нарығындағы 2011 жылы басты үрдістер: Қазақстан экономикасын дағдарыстан кейін қалпына келтіру және соның нәтижесінде халықтың сатып алу жағынан белсенділігінің артуы. Кедендік одақтың іс жүзіне асуы және оған Қазақстанның кірігуіне байланысты өзгерістер. Шағын және орташа бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары және автомобиль бизнесін индустриаландыруға арналған ұлттық базаны қалыптастыруға негіз болған "Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы".

"Осының бәрі нарық бойынша сатылымдардың екі есе артуына әсер етті. Тұтынушылардың корей және жапон автомобильдеріне деген қызығушылығы жоғары деңгейде қалып отыр. Қазақстан нарығындағы корей автомобильдерінің үлесі 2010 жылғы 1 пайыздан 2011 жылы 25 пайызға дейін өсті", - дейді Нұрлан Еркебұланұлы. Оның сөзіне қарағанда, Кедендік одақ Қазақстандағы автомобильдер бойынша баға ұсынымының қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Бұл сегменттер бойынша сатылымдар құрылымын өзгертті. Мысалы эконом-класс үлгілерін сату үлесі 2010 жылғы 30 пайыздан былтыр 46 пайызға дейін артты. Бұл бағасы мен сапасының арақатынасы Ресейде құрастырылған импорттық маркаларды, сондай-ақ Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді жеткізу арқылы қамтамасыз етілді. Осындай үрдіс 2012 жылы да жалғасатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны