16.08.2006, 10:05 2637

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мақсатты жұмыстар жүргізу қажет - президент әкімшілігінің жетекшісі

АСТАНА. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Президент әкімшілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбеков сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелерін "қанағаттанарлық емес" деп бағалайды. Бұл туралы ол кеше үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Осыған байланысты ол елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық бағытта жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізу қажет деп пайымдайды.

И.Жақсыбеков осы орайда мемлекет басшысының осы жылдың 1-наурызындағы жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде мақсат қойылғанын еске салды. "Ийтсе де нәтижесі көңіл көншітпейді",- деді ол. Президент әкімшілігі жетекшісінің мәліметіне сәйкес, "ағымдағы жылдың алты айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тіркелген қылмыстық істердің саны былтырғыдан 19 процентке артқан".

"Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер, әкімшіліктер, сондай-ақ, облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі тәртіптік кеңестерінің іс-қызметін тексеруші комиссия құрылды",- деді И.Жақсыбеков. Бұл комиссияға прокуратура, қаржы полициясы мен басқа да мүдделі мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері енеді. "Сонымен бірге қазір мемлекеттік сатып алу мен жер пайдалану салалары, салық, жол полициясы және кеден мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықты әшкерелеу шаралары дәйектелуде",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны