14.09.2007, 12:38 3037

Елімізде Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезін өткізуге дайындалуда

Елімізде Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезін өткізуге дайындалуда.

Астана. 14 қыркүйек. "Қазақстан бүгін" - Қазақстанда Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезін өткізуге дайындалуда.

Атап айтсақ, ресми БАҚ-тардың хабарлауынша, 18-19 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезінің хатшылығының алтыншы отырысы өтеді. Отырыс парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді, оған сондай-ақ түрлі конфессиялардың өкілдері қатысады.

Отырыста Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІІ съезінің күн тәртібі мен тақырыбына қатысты ұсыныстарды талқылау жоспарланған. Сонымен бірге, форумның қорытынды құжаттарын дайындау мен айқындау жөніндегі жұмыс тобын құруға қатысты мәселелер қаралады.

Еске сала кетейік, Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ съезі Астанада 2006 жылдың қыркүйек айында өткен. Оған 20 астам елден 40-тан астам делегация қатысты. Форумға қатысушылар арасында ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да Илемдік және дәстүрлі діни конфессиялардың өкілдері қатысты. Сонымен бірге, сьезге БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы , ЮНЕСКО өкілдерінен құрметті қонақтар қатысты.

Өткен форумда халықаралық қауіпсіздікке, шиеленістерді шешудегі діндердің роліне , діни сенім еркіндігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны