07.06.2019, 23:42 10415

Елімізде "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы аяқталды

Оның ең басты міндеті - қылмыстарды ізін суытпай ашу, құқық бұзушылықтарды, соның ішінде жол ережесін өрескел бұзушылықтарды алдын алу.

Нұр-Сұлтан. 7 маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 1-5 маусым аралығында қоғамдық және жол қауіпсіздігін, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алып, жалпы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ел аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Оның ең басты міндеті - қылмыстарды ізін суытпай ашу, құқық бұзушылықтарды, соның ішінде жол ережесін өрескел бұзушылықтарды алдын алу.

Операция қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 2000-нан астам қылмысты ізін суытпай ашты, соның ішінде ертеректе жасалған 642 қылмыс, нақтырақ айтқанда 5 кісі өлтіру, 47 тонау қылмысы анықталды және ә қарақшылық шабуыл. Шара барысында іздеуде жүрген 100 қылмыскер ұсталды, деп атап өтті брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.

Сонымен бірге 58 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, мас күйінде автокөлік басқару, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, темір жол өткелдерінен өту ережесін сақтамау, елімізде болу тәртібін бұзу сияқты қылмыстар тіркелді.

Полиция қызметкерлері сондай-ақ, есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 158 фактісін анықтады, 44,7 келі есірткі тәркіледі, сондай-ақ заңсыз сақталған 135 дана атыс қаруы алынды. Оның 100-і тегіс ұңғылы, 26-сы травматикалық немесе газды қарулар.

Жалпы, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы кезінде қалалар мен елдімекендер көшелерінде, қоғамдық орындарда жедел жағдайдың жақсарғаны байқалды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны