01.08.2006, 10:45 3026

Елімізде заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға бағытталған бір реттік науқан басталды

АСТАНА. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Елімізде бүгін заңсыз еңбек мигранттарын легализациялауға бағытталған бір реттік науқан басталды, ол 2006-жылдың 31-желтоқсанына дейін жалғасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Шара 2006-жылдың 4-шілдесінде қабылданған "Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға байланысты рақымшылық жариялау туралы" заңды жүзеге асыру аясында жүргізіледі.

"Рақымшылық жасау туралы" заңда еңбек иммигранттарын елімізде жұмыс істеп жүрген және елімізде аумағында болған мерзіміне қарай легализациялаудың құқықтық негіздері; белгіленген тәртіпті бұза отырып шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер мен елімізде заңсыз жұмыс істеп жүрген келімсектердің өзін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатудың құқықтық негіздері қарастырылған.

"Заңдастыру аясына Қазақстан Республикасының аумағына заң күшіне енуден алпыс күн бұрын мерзімде келген ТМД елдерінің азаматтары қамтылып, оларға ерекше үлгідегі миграциялық карточкалар беріледі",- деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Бірақ Қазақстан аумағына заң бұза отырып келген; Қазақстанда тұруға құқық беретін құжаттары жоқ; өзі туралы жалған мәліметтер берген, соның ішінде бұрын істі болғанын жасырып қалған немесе тиісті құжаттарды бермеген; лицензия алуды талап ететін іс-қызметпен шұғылданатын адамдарға заңның құзыры жүрмейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны