07.08.2006, 17:40 2920

Елімізде заңсыз жұмыс істеп жүрген 11 Қытай азаматы Қазақстан аумағынан аластатылды

АЛМАТЫ. 7-тамыз. Kazakhstan Today. Елімізде заңсыз жұмыс істеп жүрген 11 Қытай азаматы Қазақстан аумағынан аластатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның ақпаратына сәйкес, ҚХР азаматтарына Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзған деген айып тағылып отыр. Ұсталғандардың елімізде болып жұмыс істеуге рұқсат берілген мерзімі 29-шілдеде аяқталған.

Оларға жұмыс берген Қытайдың бір құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге жұмыс беруші еліміз аумағынан қудаланғандардың жолақысын төледі.

Жалпы жыл басынан бері елімізден алыс және жақын шетелдердің 311 азаматы шығарылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны