23.01.2012, 14:50 3286

Елімізде жыл сайын 6 млн. шаршы метр тұрғын үй аумағы пайдалануға берілетін болады

Қазіргі уақытта Мемлекеттік тұрғын үй-құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның алдында 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылған.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын елімізде 6 млн. шаршы метр тұрғын үй аумағын пайдалануға беруді көздеп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Мемлекеттік тұрғын үй-құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның алдында 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылған.

"Біз тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асырдық. 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 19,7 млн. шаршы метр аумақтағы үйлер пайдалануға беріліп, 535 мыңға жуық қазақстандық баспана мәселесін шешті", - деп мәлім етті еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысында.

2011 жылдың қаңтар-қараша айларында 2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй-құрылыс бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 233,3 мың текше метр болатын үйлер пайдалануға берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны