09.04.2012, 12:35 4073

Елімізде жолдарды жаңғырту шаралары қолға алынады

Жиында облыс басшылығы көлік жолы және әуе қатынасына қатысты шешімін қажет ететін мәселелерді көтерді. Өйткені, облыс бойынша жолдар нашар. Исіресе, Петропавл қаласындағы ішкі жолдар сын көтермейді. Ал, оны толық жөндеп, жаңғырту үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат жеткіліксіз болып отыр, деді, облыс әкімінің орынбасары Александр Джен.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев Солтүстік Қазақстан облысында болып, сала мамандарымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жиында облыс басшылығы көлік жолы және әуе қатынасына қатысты шешімін қажет ететін мәселелерді көтерді. Өйткені, облыс бойынша жолдар нашар. Исіресе, Петропавл қаласындағы ішкі жолдар сын көтермейді. Ал, оны толық жөндеп, жаңғырту үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат жеткіліксіз болып отыр, деді, облыс әкімінің орынбасары Александр Джен.

Сондай-ақ, облыстағы халықаралық әуежайдың мәселесі бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Бұл маңызды нысанды жеке меншіктен, мемлекеттік коммуналдық меншікке қайтару үшін үш жылдан бері сот жүріп жатыр. Бүгінде әуежай апатты жағдайда болғандықтан толық қанды жұмыс істемей тұр. Сондай-ақ, 2015 жылы тапсырылуы тиіс Петропавл-Астана бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың құрылысына байланысты да есеп берілді. Жиын соңында министрлік пен облыс басшылығы аймақтағы көлік коммуникациялық кешенін дамытудың іс-шаралар жоспарына қол қойды.

"Жалпы мына жолға келетін болсақ. Жол қозғалысының тығыздығы СҚ-да өте үлкен емес. Сол себептен бәрі жолды күрделі, қайта жөндеу жасау емес. Орташа жөндеумен кейбір жолдарды жөндеп, сонда сол қаражатқа жолдың жөндеу жұмыстарының көлемін үлкейтетін боламыз деп жоспарлап отырмыз. Екінші мәселе, облыс әкімішілігі қойып отырған ол қаланың ішіндегі жолдар. Енді қаланың ішіндегі жолдарда проблема болатын болса, бұны бөлек үкіметтен ақша алып, бұдан бөлек бағдарлама жасау керек. Ондай ұсыныстар болды, тәжірибе бар",- деп мәлім етті ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің комитет төрағасы Замир Сағынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны