02.02.2012, 10:39 4100

Еліміздегі білім беру жүйесінде тәрбие беру ісі бойынша кешенді бағдарлама әзірленуде

2012 жылы жекеменшік формасы мен білім беру деңгейіне қарамастан білім беру жүйесінде тәрбие беру жұмысы бойынша кешенді бағдарлама әзірленеді, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Мадияр Қожахмет.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Еліміздегі білім беру жүйесінде тәрбие беру ісі бойынша кешенді бағдарлама әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы жекеменшік формасы мен білім беру деңгейіне қарамастан білім беру жүйесінде тәрбие беру жұмысы бойынша кешенді бағдарлама әзірленеді, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Мадияр Қожахмет.

"Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жастар саясатының дамуына ерекше назар бөледі", - деді Мадияр Қожахмет.

Ақпаратқа сүйенсек, тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы балабақшалар, мектептер, жоғары оқу орындары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарындағы жастарға тәрбие беру үрдісін қамтитын болады.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі "Дипломмен ауылға!", "Жастар саясаты", "Жасыл ел" сияқты жобалардың жүзеге асырылуына үлкен назар бөліп келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны