01.02.2012, 13:56 3820

Еліміздегі ең жоғары жалақы мөлшері 1 млн 212 мың теңгені құрады

Қазақстанда ең жоғары жалақы мөлшері 1 миллион 212 мың теңге. Мұндай рекордтық айлық мұнай саласын басқарып отырған компания басшыларының қалтасына түседі. Бұл еліміздегі шенді-шенеуніктер алатын жалақыдан бес есе жоғары екен.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Елімідегі ең жоғары жалақы мөлшері 1 млн 212 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанда ең жоғары жалақы мөлшері 1 миллион 212 мың теңге. Мұндай рекордтық айлық мұнай саласын басқарып отырған компания басшыларының қалтасына түседі. Бұл еліміздегі шенді-шенеуніктер алатын жалақыдан бес есе жоғары екен.

Сондай ақ, Алматы мен Астанадағы қаржы мен өндіріс саласының тізгінін ұстағандар да табыстылар қатарында. Олар айына милионнан астам теңгені қалтасына басады екен. Құрылыс қызметкерлері мен отандық менеджерлердің де "құдайы беріп тұр". Олар ай сайын 230 мың теңгеден астам еңбекақы алады. Үздіктердің жағдайы осылай болса, орташа жалақы мөлшері ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласында нәпақасын тауып жүргендерге тиесілі. Олар айына 80 мың теңгені қанағат тұтуға мәжбүр.

Статистика агенттігінің таратқан мәліметіне қарағанда, ең төменгі жалақы мөлшерін еден жуушылар алады. Олар айына 17 мың мен 23 мың теңгенің аралығында нәпақа табады. Бір қызығы, барлық сала бойынша әйелдерге қарағанда ерлердің айлық табысы қомақты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны