10.07.2020, 14:15 5684

Еліміздегі коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары мен дәрілік заттарға қатысты жағдай

Министр азаматтарды әлеуметтік желілерде жүрген материалдарға емес, ресми ақпараттарға құлақ асуға шақырды.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар мен COVID-19 қарсы күрес бойынша шаралар жайлы сөз қозғады.

Министрдің айтуынша, қазір коронавирус инфекциясын емдеудің негізгі бағыттары мен әдістеріне қатысты ең үздік еуропалық тәжірибе бойынша халықаралық консультациялар өткізілуде, Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету жұмысы жандандырылды. Мәселен, жақында Ресейден тәжірибелі дәрігер, консультациялық көмек көрсете алатын мамандар келді. Сондай-ақ, 8 шілдеде Ресей Қазақстанға 30 мың дана қорғаныс киім жиынтығы ретінде гуманитарлық көмек жіберді, олар республиканың барлық өңірлеріне біркелкі бөлінді.

Денсаулық сақтау министрі Ресей Үкіметінің резервтік қорынан дәрі-дәрмек, жеке қорғану құралдары мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін 150 млн рубль бөлінетінін хабарлады.

Жалпы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше назарда. Дәрі-дәрмек нарығының бөлшек сегментіне көмектесу үшін препараттарды жедел жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі бұйрыққа қол қойылды.

"Үкімет деңгейіндегі рұқсат беру рәсімдерінен басқа, медициналық өнім өндіретін шетелдік компаниялармен жедел логистика және препараттарды Қазақстанға жылдам жеткізуге қатысты мәселе қаралуда", - деді Алексей Цой.

Ел ішінде көптеген зауыт үш ауысымдық жұмыс форматына көшті. Министрдің айтуынша, қазақстандық өндірушілер "Азитромицин" және басқа да қажетті медициналық препараттармен толық қамтамасыз етеді.

Ведомство басшысы үйде емделгенде дәрі-дәрмектің дұрыс қолданылуына аса назар аударуға кеңес берді. Ол емді бірден антибиотиктерден бастау дұрыс емес екенін ескертті, себебі антибиотиктердің жанама әсерлері бар және оларды бақылаусыз пайдалану зиян. Мұндай препараттарды көрсеткіштер бойынша дәрігер тағайындауы керек.

Стационарға келетін болсақ, пациенттер препараттың белгілі бір сауда маркасын талап етеді, ал ауруханаларда олардың аналогы бар. Егер ауруханада емдеуші дәрігер белгілеген препараттармен қамтамасыз етуден бас тартқан жағдайда, пациент Денсаулық сақтау басқармасына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жергілікті филиалдарына және Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жүгіне алады.

Сондай-ақ, көптеген қазақстандықты толғандыратын пневмония жайлы да сөз болды.

"Пневмонияны емдеу әдісі коронавирус инфекциясының ауыр түрін емдеу тәсіліне ұқсас. Сондықтан бұл стандарттарды коронавирус инфекциясы бар-жоғына қарамай, барлық пациентті емдеуге арнап әзірлейміз. Біз оны статистикада көрсетеміз", - деп түсіндірді министр.Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазір бүкіл әлемде пневмонияға шалдыққандар санын өсіп отыр.

Министр азаматтарды әлеуметтік желілерде жүрген материалдарға емес, ресми ақпараттарға құлақ асуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны