13.02.2012, 12:06 3808

Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдар ашық

2012 жылғы 13 ақпан күнгі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, бұған дейін жабық болып келген республикалық маңызы бар барлық автожолдарда көлік қатынасы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Көлік және коммуникация минирлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдар ашық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылғы 13 ақпан күнгі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, бұған дейін жабық болып келген республикалық маңызы бар барлық автожолдарда көлік қатынасы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Көлік және коммуникация минирлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің "Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 444-777 . Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны