20.01.2012, 11:12 3037

Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысы қайта жанданды

"Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн", - делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - 20 қаңтарда таңғы сағат 7.00-ден бастап бұдан бұрын жабық деп жарияланған республикалық маңызы бар жолдар ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ақмола облысында "Астана - Ерейментау - Шідерті" автожолының Ерейментау - Павлодар учаскесі, Ақтөбе облысы "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" автожолының Ембі - Бершоғыр (92-148 км) учаскесінде, "Екатеринбург - Алматы" автожолының Алматы - Жамбыл облысының шекарасы (28-281 км) учаскесінде, Шығыс Қазақстан облысынан барлық бағыттарда, "Алматы - Ташкент - Термез" автожолының Айша-Бибі - Оңтүстік Қазақстан (528-593 км) учаскесінде, "Қызылорда - Павлодар" автожолының Қарағанды - Павлодар облысының шекарасы (992-1135 км) учаскесінде, "Қарағанды - Аягөз - Бұғаз" автожолының Қарқаралы - Шығыс Қазақстан (217-320 км) учаскесінде, "Екатеринбург - Алматы" автожолының Қарағанды - Балқаш (1492-1854 км) учаскесінде, Павлодар қаласынан барлық бағыттарда, "Алматы - Ташкент - Термез" автожолының Шақпақбаба - Ақбиік (593-606 км) учаскесінде көлік қатынасына салынған шектеу алынып тасталды.

"Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн", - делінген ведомство хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны