17.01.2007, 13:20 3094

Еліміздегі жолаушы тасымалдайтын темір жол вагондары паркінің 78 проценті жарамсыз деп танылуға тиіс - ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі

АСТАНА. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Еліміздегі жолаушы тасымалдайтын темір жол вагондары паркінің 78 процентінің нормативтік қызмет ету мерзімі аяқталды, олар жарамсыз деп танылуға тиіс, деп пайымдайды ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің транспорттық бақылау комитетіндегілер.

"Жолаушылар тасымалдайтын вагондардың 78 процентін бүгінгі таңда жарамсыз деп тануға болады",- деді ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің транспорттық бақылау комитетінің төрағасы Қайрат Тұрлыханов бүгін өткен баспасөз мәслихатында. "Бздің мамандар қазір вагондарды тексеруде. Бүгінгі жағдаймен поездардың көбі жолға шықпайтын болды. Алдағы уақытта осы мәселе бойынша қатаң шаралар қолданылады",- деді ол.

Тұтастай алғанда, комитеттегі алқа мәжілісінде Қ.Тұрлыхановтың атап көрсеткеніндей, 2006-жылы 82 локомотив пен 713 вагонның жұмысы техникалық жағдайына қарай тоқтатылды.

"Темір жолдар айрықша бақылауда. Былтыр вагондардың шойын жолдан шығып кетуіне қатысты 70 оқиға тіркелді. Жалпы материалдық шығын 120 млн теңгеден асты",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны