24.01.2019, 19:19 11945

Еліміздіӊ 11 облысы бойынша 22 өӊірлік ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оныӊ жарамдылық мерзімі 1 ай, кейін "жоғалғанныӊ орнына" белгісімен жаӊа көлік жүргізу куәлігі беріледі.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргізуші куәлігін ауыстыра алды. Онда көлікті тіркейтін және жүргізуші куәлігін ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкімшілік полицияныӊ тіркеу-емтихан алу бөлімініӊ мамандары қызмет көрсетеді. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыӊдай көлік жүргізушісініӊ куәлігі берілген.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзімі бітуге таяу жүргізуші куәлігін жаӊасына алмастыра алады, бұл ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудіӊ қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оныӊ жарамдылық мерзімі 1 ай, кейін "жоғалғанныӊ орнына" белгісімен жаӊа көлік жүргізу куәлігі беріледі.

Бұл ретте көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалар жүргізуші құжатын қалпына келтіру үшін тиісті емтихандарды тапсыру керектігін еске саламыз.

Сондай-ақ астаналық көлік иелерініӊ назарына жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсіздік даӊғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.

Бұдан бөлек, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметініӊ электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшін көлік жүргізушісініӊ электрондық цифрлық қолтаӊбасыныӊ болуы шарт. Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолыныӊ скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттыӊ дайын болғандығы туралы хабарлама келген соӊ, (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны