26.12.2014, 09:38 4498

Еліміздіӊ барлық аумағында қар жауып, жел күшейеді

Қазақстанныӊ барлық аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен құбылмалы күн райы сақталады, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп.

Астана. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ барлық аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен құбылмалы күн райы сақталады, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде, Жалаӊашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, боран соғып, желдіӊ күші 15-22 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Атырау облысында кей жерлерде боран соғып, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Маӊғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Оӊтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Павлодар облыстарында желдіӊ жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке күшейеді, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады.

Қостанай облысында түнде кей жерлерде желдіӊ күші 15-20, күндіз екпіні 17-22 м/с-ке жетеді, кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны