30.11.2015, 08:54 7274

Еліміздіӊ басым аймағында жауын-шашын болады

Орта Поволжьеніӊ үстінде қалыптасқан циклон белсенді фронтальді аймақ үстінде 80 км/с жылдамдықпен Батыс Сібірге ауысуда. Онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміз арқылы жылдам жылжитын болады.

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Орта Поволжьеніӊ үстінде қалыптасқан циклон белсенді фронтальді аймақ үстінде 80 км/с жылдамдықпен Батыс Сібірге ауысуда. Онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміз арқылы жылдам жылжитын болады. Бұл жауын-шашын, жаӊбыр, қар, көктайғақ, тұман тудырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шығыс Еуропа аумағынан суық атмосфералық фронттардыӊ орнына батыс облыстарына антициклон келеді. Бұл күздіӊ соӊғы күнінде республиканыӊ шығыс аудандарын қамтиды, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Антициклонныӊ шығысқа жылжу шамасына қарай, жауын-шашын тоқтайды, температура төмендейді. Бірақ бұрынғыдай климаттық нормадан жоғары болып қала береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны