14.02.2012, 12:26 4429

Еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады

Қазақстанның барлық дерлік аумағы 14 ақпан күні көлемді антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның барлық дерлік аумағы 14 ақпан күні көлемді антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Республиканың тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігі атмосфералық аумақ ықпалында болып, сол арқылы тұрақсыз ауа райы болады деп күтілуде.

Алматы, Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында тұман болады деп күтілуде.

Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Маңғыстау облысында кейбір жерлерде жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.

Жақын тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейлері көтерілуі мүмкін. Шардара су қоймасына 14-15 ақпан күндері 1400 м3/с шамасында су құйылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны