13.03.2012, 09:37 3674

Еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде

Қар жауып, тұман түсіп, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көктайғақ болуы ықтимал.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, қар жауып, тұман түсіп, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көктайғақ болуы ықтимал.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, облыстың шалғай аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, Жалаңашкөл ауданында 15-20-25 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады. Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алдағы уақытта Шардара су қоймасына келетін су азаяды. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. 10-12 наурыз аралығында Алматы облысының таулы аймағында ауа райының жылынып және жауын-шашынның жаууына байланысты қар ериді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны