03.04.2013, 11:39 3838

Еліміздің басым аумағында бүгін жауын-шашын болмайды

Еліміздің басым аумағында бүгін жауын-шашын болмайды

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аумағында бүгін жауын-шашын болмайды, солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде жауын-шашын, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Маңғыстау, Атырау облысында шаңды дауыл тұрып, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады деп болжануда. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 жел тұрады, күндің желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-21 м/с-қа күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны