26.02.2015, 09:46 4248

Еліміздіӊ басым аумағында күн ашық болады

Қазақстанныӊ барлық аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Тек республиканыӊ шығысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн жауын-шашынды, бұрқасындатып, жел күшейеді

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ барлық аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Тек республиканыӊ шығысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн жауын-шашынды, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ ақпаратынша, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұрқсындатады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Оӊтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде 15-20 м/с жел соғады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда, түнде Павлодар облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Маӊғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны