27.05.2015, 09:47 4488

Еліміздіӊ басым аумағында күн ашық болады

Қазақстанныӊ басым аумағында күн ашық болады, тек республиканыӊ солтүстігінде, солтүстік-батысы мен шығысында кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, оӊтүстік бөлікте екпінді жел соғады, ал солтүстік бөлікте кей жерлерде тұман түседі

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында күн ашық болады, тек республиканыӊ солтүстігінде, солтүстік-батысы мен шығысында кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, оӊтүстік бөлікте екпінді жел соғады, ал солтүстік бөлікте кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Маӊғыстау, Атырау, Оӊтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде аптап ыстық болады. Оӊтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұған қоса, алдағы күндері Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ таулы өзендерінде су деӊгейі ауытқиды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны