10.04.2012, 14:09 3732

Еліміздің басым аумағында күн ашық болады деп күтілуде

Астана мен Алматыда күндіз ауаның температурасы 18-20 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында кейбір жерлерде шаңды дауыл соғып, желдің 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз жекелеген аудандарда жел екпіні 25 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және күндіз тұман болуы ықтимал.

Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Күндіз Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жекелеген аудандарда - шаңды дауылды жел болады деп күтілуде.

Астана мен Алматыда күндіз ауаның температурасы 18-20 градусқа дейін көтеріледі.

Жақын тәуліктерде Жайық (БҚО аумағында), Есіл, Тобыл, Ертіс өзендерінде мұз бетінің одан әрі әлсіреуі мен бұзылуы күтіліп отыр.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының өзендерінде сел күшейіп, су деңгейлерінің көтерілуі жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны