11.01.2016, 08:48 4224

Еліміздіӊ басым аумағында күн құбылмалы

Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасындатып, тұман түседі және жел күшейеді

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасындатып, тұман түседі және жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ мәліметінше, Қостанай облысында кей бөліктерде тұман, көктайғақ, түнде жел күшейеді, күндіз өӊірдіӊ басым аумағында желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ, түнде және күндіз жел күшейеді. Ақмола өӊірінде желдіӊ екпіні күндіз 23 м/с жетеді, кей жерлерде көктайғақ, бұрқасындатады.

Жамбыл, Қарағанды облыстарында тұман байқалады, көктайғақ, 15-23 м/с жел соғады.

Оӊтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жел күшейеді деп күтілуде. Қызылорда облысында кей бөліктерде тұман, көктайғақ, жел соғады. Түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаӊашкөл аумағында 15-20 м/с жел соғады. Маӊғыстау, Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстан өӊірлерінде тұман түседі, көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таӊертеӊ тұман, кей жерлерде жел күшейеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны