25.02.2015, 09:55 4112

Еліміздіӊ басым аумағында күн жауын-шашынды болады

Республиканыӊ батысы, солтүстік-батысы мен оӊтүстік-батысы антициклон ықпалында болғандықтан, ашық күн райы сақталады. Ал еліміздіӊ қалған аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде күн жауын-шашынды

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Республиканыӊ батысы, солтүстік-батысы мен оӊтүстік-батысы антициклон ықпалында болғандықтан, ашық күн райы сақталады. Ал еліміздіӊ қалған аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде күн жауын-шашынды, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанныӊ аумағында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұрқасын болады.

Алматы, Оӊтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.

Жамбыл облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады деп болжануда.

Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маӊғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жел соғады, бұрқасындатады.

Таяу күндері Сырдария, Шу өзендерінде су деӊгейі құбылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны