04.02.2015, 10:13 4499

Еліміздіӊ басым аумағында күн жылынады

Қазақстанныӊ басым аумағында күн райына әсерін тигізіп тұрған Сібір антициклоны бірте-бірте шығысқа ауысуда. Бірнеше күн сақталған аяздыӊ орнына оӊтүстік пен батыстан жылы ауа массалары таралып жатыр

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында күн райына әсерін тигізіп тұрған Сібір антициклоны бірте-бірте шығысқа ауысуда. Бірнеше күн сақталған аяздыӊ орнына оӊтүстік пен батыстан жылы ауа массалары таралып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оӊтүстік пен батыстан еніп жатқан жылы ауа массаларыныӊ әсерінен алдағы үш күнде ауа температурасы орташа климаттық шамаға дейін, кей жерлерде одан 2-3ә жоғары болады, тек республиканыӊ шығысында ауа температурасы нормадан төмен болады. Еліміздіӊ батысы мен солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны