Система Orphus

Еліміздіӊ басым аумағында жаӊбыр жауып, жел күшейеді

16.04.2015, 10:18 2496

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ барлық дерлік аумағы атмосфералық ағымдардыӊ ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жаӊбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маӊғыстау, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдіӊ жылдамдығы 15-23 м/с-ті құрайды, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысында жел соғып, тұман түседі.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны