24.08.2015, 09:35 4087

Еліміздіӊ басым аумағында жауын жауады

Қазақстанныӊ басым аумағы атмосфералық ағымдардыӊ ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек Қазақстанныӊ оӊтүстігінде күн ашық болады

Алматы. 24 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағы атмосфералық ағымдардыӊ ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек Қазақстанныӊ оӊтүстігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, демалыс күндері Батыс Сібір мен Оралдыӊ солтүстік аудандарынан ығысқан суық әрі ылғалды ауа республиканыӊ оӊтүстік және оӊтүстік-шығыс аудандарына жетті. Соныӊ әсерінен еліміздіӊ басым аумағында жауын жауып, ауа температурасы көп жылдық орташа температурадан 3-6И төмен болады деп күтілуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Синоптиктердіӊ болжамынша, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Маӊғыстау облыстарында найзағай жарқылдайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Ақтөбе, күндіз Оӊтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан өӊірлерінде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында кей жерлерде жел соғып, күндіз найзағай ойнайды. Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Оӊтүстік Қазақстан өӊірініӊ басым аумағында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарыныӊ кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны