09.06.2015, 09:00 3978

Еліміздіӊ басым аумағында жауын жауып, жел соғады

Сейсенбі күні Қазақстанныӊ басым аумағында жауын жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. Тек республиканыӊ батысы мен оӊтүстік-батысында күн ашық болады

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - Сейсенбі күні Қазақстанныӊ басым аумағында жауын жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. Тек республиканыӊ батысы мен оӊтүстік-батысында күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздіӊ орталық облыстарында көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, Ақмола облысында екпінді жел соғады. Күндіз ауа температурасы +17...+20ИC, Қарағанды облысыныӊ оӊтүстік бөлігінде +24ИC дейін көтеріледі, түнде сынап бағанасы +10...+13 градусты көрсетеді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Қазақстанныӊ солтүстік өӊірлерінде көшпелі бұлт шығып, аздаған жауын жауады, кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. Күндіз ауа температурасы +17...+20ИC, түнде +12...+14ИC. Солтүстік Қазақстан облысында күн салқын болады: күндіз +13...+16ИC, түнде +9...+12ИC.

Шығыс Қазақстан өӊірінде жаӊбыр жауып, кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдіӊ жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +20...+24ИC, түнде +15...+18ИC.

Еліміздіӊ оӊтүстік аймақтарында да көшпелі бұлт шығады, Алматы облысында жауын жауып, найзағай жарқылдайды, екпінді жел соғады. Жамбыл және Оӊтүстік Қазақстан облыстарында күндіз күн ашық, түнде және таӊертеӊ өткінші жауын жауады, найзағай жарқылдайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында күндіз сынап бағанасы +26...+28 градусқа дейін көтеріледі. Қалған аумақта күндіз ауа температурасы +22..+25ИC, түнде +15...+19ИC.

Қазақстанныӊ батыс өӊірлерінде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Маӊғыстау облысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаӊды дауыл көтеріледі. Күндіз ауа температурасы +27...+30ИC, Ақтөбе облысында +25...+27ИC. Түнде +16...+19ИC шамасында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны