21.01.2015, 09:16 4162

Еліміздіӊ басым аумағында жел күшейіп, бұрқасындатады

Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек республиканыӊ батысында күн ашық болады

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек республиканыӊ батысында күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтсақ, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде Жалаӊашкөл ауданында, сондай-ақ Жамбыл облысында 18-23 м/с жел соғады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маӊғыстау , Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасындатып, тұман түседі, күндіз басым аумақта 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны