19.01.2015, 10:03 4279

Еліміздіӊ басым аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен қар жауып, тұман түседі, бұрқасындатады, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтілуде, тек республиканыӊ батысы мен оӊтүстік-шығысында күн ашық болады

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен қар жауып, тұман түседі, бұрқасындатады, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтілуде, тек республиканыӊ батысы мен оӊтүстік-шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Қостанай облысында бұрқасындатып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, бұрқасын болады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Оӊтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таӊертеӊ 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Маӊғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақмола облысында түнде және таӊертеӊ тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады, бұрқасындатады. Алматы облысында Жалаӊашкөл ауданында желдіӊ күші 17-22 м/с, екпіні 25 м/с-ке жетеді, түнде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз Жарма ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ал Қазақстанныӊ елордасы - Астанада сынап бағанасы -3...-5ИC көрсетеді, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, көшпелі бұлт шығады деп күтілуде. Түнде және таӊертеӊ тұман түседі.

Алматыда ауа температурасы 8-10 градус жылы болады. Көшпелі бұлт шығады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны