18.12.2015, 18:16 4066

Еліміздіӊ басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қостанайда 20 желтоқсан түнде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында 20-21 желтоқсан түнде ауа температурасы 22-27, кей жерлерде 32 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанайда 20 желтоқсан түнде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында 20-21 желтоқсан түнде ауа температурасы 22-27, кей жерлерде 32 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 20 желтоқсан түнде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 27 градус аяз, 21 желтоқсан түнде 20-25, кей жерлерде 30-35 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Қызылорда облысында 20 желтоқсан түнде ауа температурасы 15-20 градус аяз болады.

Астанада 20-21 желтоқсан түнгі мезгілде ауа температурасы 22-24 градус аяз болады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны