01.03.2012, 09:29 4014

Еліміздің батыс аймақтарында жауын жауып, көктайғақ болады деп күтілуде

Республиканың батысында циклон өз әсерін сақтап, мұндағы кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Еліміздің батыс аймақтарында жауын жауып, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Қазақстан аумағының көптеген бөлігі 1 наурыз күні тұманды жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон тарамдарында орналасады.

Республиканың батысында циклон өз әсерін сақтап, мұндағы кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсуі күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде - тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күндіз желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі, Қарағанды облысында - кейбір жерлерде тұман түсуі күтілуде. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі сақталады, Батыс Қазақстан облысында онымен қоса бұрқасын тұрады. Шығыс Қазақстан облысында - кейбір жерлерде жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде (Қызылорда облысының оңтүстігінде), Жамбыл және Алматы облыстарындағы төменгі таулы аймақтардың жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарының әлсіреуі бақыланады. Арыс өзеніндегі "Арыс" гидроқұрылғысынан төмен жерлерде болып өткен тасқын толқынының таралуы есебінен су деңгейлерінің көтерілуі байқалады. 1-3 наурыз күндері Шардара су қоймасына 1420-1450 текше метр көлемінде су келіп түседі. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны