04.05.2015, 09:32 3750

Еліміздіӊ батысы мен солтүстік-батысында өткінші жаӊбыр жауып, жел күшейеді

Ақмола облысыныӊ кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз найзағай ойнайды деп болжануда.

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - Синоптиктердіӊ болжауынша, Қазақстанныӊ батысы мен солтүстік-батысында өткінші жаӊбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Қалған аумақта күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ мәліметінше, Қызылорда, Қостанай облыстарыныӊ кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күн күркірейді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысыныӊ кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысыныӊ кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз найзағай ойнайды деп болжануда.

Солтүстік Қазақстан кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдіӊ күші - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысыныӊ кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда, Қарағанды облыстарыныӊ кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны