27.04.2016, 12:53 4385

Еліміздіӊ білім беру жүйесіндегі эксперименттік кезеӊ аяқталды - Е.Сағадиев

Еліміздіӊ білім беру жүйесіндегі эксперименттік кезеӊ аяқталды, ендігі біздіӊ мектептер жаӊартылған бағдарламаны енгізуге дайын, деп мәлімдеді бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен қоғам өкілдерімен есептік кездесу барысында

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ білім беру жүйесіндегі эксперименттік кезеӊ аяқталды, ендігі біздіӊ мектептер жаӊартылған бағдарламаны енгізуге дайын, деп мәлімдеді бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен қоғам өкілдерімен есептік кездесу барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жалпы, Президенттіӊ тапырмасы бойынша, жұмыстар 15 жылдан астам уақыт бұрын басталды. Сондықтан да, біздіӊ даяр екендігімізге сенімді болу үшін 15 жыл жеткілікті мерзім деп пайымдаймыз. Осы ретте экперименттердіӊ барлығы аяқталды деп ресми түрде мәлім еткім келеді. Ендігі біз соӊғы 15 жылда нақты бір жоспар бойынша пысықталған жоспарлы енгізуге көшеміз", - деді ол, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, үш жыл бойы біз оны қарапайым мектеп шарттарына бейімдеп келеміз.

"100-ден астам мектеп осы жылдары экспериментте болды, 10 мыӊнан астам бала жаӊартылған бағдарламамен білім алды және қазіргі кезде оқып жатыр. Олардыӊ көбісі мектепті, университетті тәмамдады, ал кейбірі бүгінде қызметке тұрды. Бағдарламаға балалардыӊ, ата-аналардыӊ және мұғалімдердіӊ көӊілі толып отыр", - деді министр.

ҚР БҒМ басшысы соӊғы жылдары жаӊартылған мазмұн бойынша біліктілікті арттырудыӊ деӊгейлік курстарынан 53 мыӊнан астам мұғалім өткенін айтты.

"Яғни, мұғалімдер базалық тұрғыда дайын", - деп баса айтты Е.Сағадиев.

Орта білім беруге келер болсақ, оныӊ мәліметінше, 2015 жылы 500-ден астам мектеп салынды.

Оған қоса, күшейтілген білім беруге арналған мектептердіӊ үлесі 2 еседен аса артып, 45%-ға жетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны