31.03.2015, 08:48 6874

Еліміздіӊ бірқатар өӊірінде ауа температурасы қалыпты нормадан төмен болады

Еліміздіӊ басым аумағында антициклон ықпалынан күн ашық болады, тек республиканыӊ шығысында, оӊтүстік-шығысы мен орталығында құбылмалы күн райы сақталады, қар жауып, бұрқасындатады. Қазақстанныӊ кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ басым аумағында антициклон ықпалынан күн ашық болады, тек республиканыӊ шығысында, оӊтүстік-шығысы мен орталығында құбылмалы күн райы сақталады, қар жауып, бұрқасындатады. Қазақстанныӊ кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Наурыз айыныӊ соӊында еліміздіӊ басым аумағында қар жауып, боран болған еді, ауа температурасы жексенбі күні климаттық нормадан 6-14И градусқа төмен болды. Таяу күндері де республиканыӊ оӊтүстігі мен оӊтүстік-шығысында кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шығыс өӊірлерде бұрқасындатады. Ал Қазақстанныӊ солтүстігі мен батыс облыстарында суық антициклон әсерінен ауа температурасы қалыпты нормадан төмен болады", - деп хабарлады "Қазгидрометтен", деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, синоптиктердіӊ болжамынша, Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маӊғыстау облысында түнде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Атырау, Қызылорда облыстарында жел күшейіп, шаӊды дауыл көтеріледі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Павлодар облысында да жел соғады. Қарағанды облысында тұман түсіп, бұрқасын болады, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, бұрқасындатады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны