10.09.2015, 08:47 4254

Еліміздіӊ бірқатар өӊірінде күн суытады

Қазақстан өӊірлеріне Ресейдіӊ солтүстік-батысынан суық атмосфералық ағымдар ығысады. Соныӊ әсерінен 10 қыркүйек күні батыста және одан кейінгі екі күнде солтүстік пен орталықта жауын жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін

Алматы. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан өӊірлеріне Ресейдіӊ солтүстік-батысынан суық атмосфералық ағымдар ығысады. Соныӊ әсерінен 10 қыркүйек күні батыста және одан кейінгі екі күнде солтүстік пен орталықта жауын жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, өткен тәуліктерде республиканыӊ батысы мен солтүстігінде, орталық аудандарында күн ыстық болған еді. Ираннан ығысқан ыстық ауа массалары солтүстік пен орталықта таяу күндері де сақталады, ал оӊтүстікте, оӊтүстік-шығыс пен шығыста әлі екі күн соныӊ ықпалынан ыстық болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазір Қазақстанға Ресейдіӊ еуропалық аумағыныӊ солтүстік-батысынан суық атмосфералық ағымдар ығысып, өзімен бірге жаӊбыр, найзағай мен бұршақ алып келуде. Кей жерлерде тіпті бұршақ жауып, ауа температурасы төмендейді.

Атап айтсақ, республиканыӊ батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде атмосфералық ағымдардыӊ ықпалынан өткінші жаӊбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Еліміздіӊ қалған аумағында күн жауын-шашынсыз, тек оӊтүстік пен оӊтүстік-шығыста шаӊды дауыл көтерілуі ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Атырау, күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан өӊірлерінде кей бөліктерде желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаӊды дауыл көтеріледі. Күндіз Маӊғыстау, Қостанай, Қарағанды, Ақмола өӊірлерінде кей жерлерде аптап ыстық күтілуде. Қызылорда, Оӊтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл өӊірлерініӊ кей бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны