05.05.2015, 09:45 3643

Еліміздіӊ бірқатар өӊірінде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды

Республиканыӊ солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында кей жерлерде күн ашық болады, ал еліміздіӊ қалған аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Республиканыӊ солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында кей жерлерде күн ашық болады, ал еліміздіӊ қалған аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ мәліметінше, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Түнде Оӊтүстік Қазақстан облысында, күндіз Алматы, Атырау өӊірлерінде кей жерлерде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда, Қарағанды облыстарында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны