30.01.2012, 11:19 3255

Еліміздің бірнеше аймақтарында қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Павлодар және Ақмола облыстарында бірқатар мектептерде аяз салдарынан сабақ тоқтатылды. Атап айтқанда, Павлодарда 36 градус аязға байланысты 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - ліміздің бірнеше аймақтарында қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті білім беру басқармаларының хабарлауынша, Павлодар және Ақмола облыстарында бірқатар мектептерде аяз салдарынан сабақ тоқтатылды. Атап айтқанда, Павлодарда 36 градус аязға байланысты 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған.

Павлодар гидрометеорологиялық орталық мәліметіне сәйкес, 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында аймақта түнде ауа температурасы -33-38 градусқа дейін, кей жерлерде -42 градусқа дейін суытады.

Сонымен қатар, Ақмола облысының көптеген аймақтарында -38 градус суық болуына байланысты мектептерде сабақ болмайды.

Көкшетау мен Степногорск қалаларында 30 градус аязға байланысты 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны