08.09.2006, 11:12 2510

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Оңтүстік Қазақстан облысына келді

ШЫМКЕНТ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев балалардың ВИЧ індетін жұқтыруына байланысты ахуалмен көзбе-көз танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі облыстық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Министр облысқа кеше келген. Изірге әкімнің баспасөз қызметі қандайбір ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ВИЧ індеті деген диагноз Оңтүстік Қазақстан облысында 49 балада расталды. Балалар қан мен құрамында қаны бар препараттарды ауыстырып құю салдарынан дерт жұқтырған деп саналуда. Алайда оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Сәрсенбіде мәжілістің жалпы отырысында депутаттар денсаулық сақтау саласының басшылығына қатаң сын айтып, ахуалды тексеруге байланысты нақты нәтижелерді жария етуді және мен кінәлі адамдарды жазаға тартуды талап еткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны