23.04.2015, 11:41 4383

Еліміздіӊ екі өӊірінде жол жабық

"Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметініӊ мәліметінше, Қарағанды облысында "Қызылорда - Павлодар" автожолыныӊ 988 шақырымында жолды су шайып кетуіне байланысты Қарағанды қаласынан Молодежный кентіне дейін, 970 шақырымнан 1066 км-ге дейінгі учаскеде қозғалыс шектелді

Қарағанды. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін су тасқынына байланысты Қарағанды және Павлодар облыстарында республикалық маӊыздағы тас жолдардыӊ жекелеген учаскелерінде автокөліктіӊ барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметініӊ мәліметінше, Қарағанды облысында "Қызылорда - Павлодар" автожолыныӊ 988 шақырымында жолды су шайып кетуіне байланысты Қарағанды қаласынан Молодежный кентіне дейін, 970 шақырымнан 1066 км-ге дейінгі учаскеде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында тасқын су салдарынан "Ульяновск-Керней-Баянауыл-Қалқаман" 64-93 км, Үміткер кентінен Павлодар облысыныӊ шекарасына дейінгі учаскеде жол жабық.

Бұған қоса, "Қарағанды - Аягөз -Бұғаз" тас жолыныӊ 53 шақырымында жолды су басып жатыр. Сол себепті аталған учаскеде қозғалыс шектелді, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Сонымен қатар Павлодар өӊірінде "Ульяновск-Керней-Баянауыл-Қалқаман" тас жолыныӊ 93-187 шақырымында Қарағанды облысыныӊ шекарасынан Баянауыл ауылына дейінгі учаскеде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны