11.05.2012, 13:52 3089

Еліміздің қарапайым тұрғындары "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының игілігін көруде

Осы азаматтардың өмір тәжірибесін мысалға ала отырып, сіздер қалай жұмыс табуға болатынын, өз ісіңнің маманы атану мен ауылдағы кәсіпкерліктен табыс табу жолдарын көре аласыздар. Еліміздің түпкір-түпкіріндегі әртүрлі азаматтар жайлы деректер жиналды. Мақалалар "Күн сайын "Жұмыспен қамту -2020" халық көзімен" айдарында жарық көреді.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - Еліміздің қарапайым тұрғындары "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының игілігін көруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгіннен бастап және күн сайын рm.kz сайтында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушы қарапайым қазақстандықтар туралы деректер жарияланады.

Осы азаматтардың өмір тәжірибесін мысалға ала отырып, сіздер қалай жұмыс табуға болатынын, өз ісіңнің маманы атану мен ауылдағы кәсіпкерліктен табыс табу жолдарын көре аласыздар. Еліміздің түпкір-түпкіріндегі әртүрлі азаматтар жайлы деректер жиналды. Мақалалар "Күн сайын "Жұмыспен қамту -2020" халық көзімен" айдарында жарық көреді.

Естеріңізге сала кетейік,Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрақты әрі жемісті жұмыспен қамту арқылы халық табысын арттыруға бағытталған "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын әзірлеп, қабылдады.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін өңірлерде 204 халықты жұмыспен қамту орталықтары құрылып, олар 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Бағдарлама аясындағы іс-шараларға қатысуға ниет білдірген азаматтардан өтініш қабылдауды бастаған.

Бағдарлама "Өз-өздерін жұмыспен қамтып отырған, жұмыссыз және тұрмысы төмен азаматтардың жұмысқа орналасуы мен оқуына көмектесу", "Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына қолдау білдіру", "Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру", "Ауылды елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту" атты төрт бағыт бойынша іске асырылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отырғандай, 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысу үшін аймақтық уәкілетті органдарға 26,4 мың адам жүгініп, оның ішінде 19,7 мың адам әлеуметтік келісімшарттарға қол қойған.

2012 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, әлеуметтік келісімшарттарға қол қойғандардың 22,3 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 75,6 пайызы - жұмыссыз, 2 пайызы - әлеуметтік аз қамтылған санаттағы азаматтар болып табылады.

Сондай-ақ, 2 мың адам немесе өтініш білдіргендердің 11,8 пайызы бос жұмыс орындарына, 2,4 мың адам немесе 14,2 пайызы жастар тәжірибесіне, оқуын аяқтаған 2 мың адам немесе 11,8 пайызы тұрақты жұмыс орындарына жолдама алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, әлеуметтік келісімшарттарға қол қойған халықтың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы мен Ақтөбе облыстарында байқалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны