08.01.2016, 09:21 4472

Еліміздіӊ кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады

Қазақстанныӊ басым территориясында атмосфералық фронттардыӊ өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде аздаған қар жауады. Оӊтүстік және оӊтүстік-шығыста жауын-шашын болады

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым территориясында атмосфералық фронттардыӊ өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде аздаған қар жауады. Оӊтүстік және оӊтүстік-шығыста жауын-шашын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады және желдіӊ күшеюі күтіледі, деп хабарлайды www.khabar.kz тілшісі.

Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде жел бұрқасынмен 15-20 м/с күтіледі. Маӊғыстау облысыныӊ кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарыныӊ кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Жалаӊашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Атырау облысыныӊ кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз басым жерлерінде желдіӊ күші 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысыныӊ кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны