30.06.2016, 16:12 7410

Еліміздіӊ көлік полицейлері 10 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматтыӊ жеке басын анықтады

Ағымдағы жылғы 18 маусымда Арыс станциясындағы Желілік полиция бөлімініӊ криминалдық полиция қызметкерлері жеке басын анықтау үшін ұсталып, Арыс ст.ЖПБ қабылдап тарату-орнына отырғызылған ер азаматтыӊ 2006 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Қырғызстан Республикасы Ош облысыныӊ тумасы екенін анықтады

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 18 маусымда Арыс станциясындағы Желілік полиция бөлімініӊ криминалдық полиция қызметкерлері жеке басын анықтау үшін ұсталып, Арыс ст.ЖПБ қабылдап тарату-орнына отырғызылған ер азаматтыӊ 2006 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Қырғызстан Республикасы Ош облысыныӊ тумасы екенін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған азамат 2006 жылғы 29 сәуірде Қырғыстан Республикасы Үкіметініӊ жанындағы Жазаны орындаудыӊ мемлекеттік қызметі мекемесінен қашып, тергеуден жасырынып келген. Оныӊ үстінен осыған дейін Қырғыстан Республикасыныӊ Қылмыстық кодексініӊ 336 бабыныӊ 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ұсталған азаматқа қатысты "қамаққа алу" жолын кесу шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны