06.01.2016, 15:18 3865

Еліміздіӊ көлік полицейлері "Локомотив" АҚ-ныӊ 4 қызметкерін кабель ұрлағандары үшін ұстады

Келтірілген залал мөлшері 268 мыӊ тенгені құрайды.

Астана. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 1 қаӊтары күні Атбасар ст. Желілік полиция бөліміне "Қамқор Локомотив" АҚ өкілі шағымданып келді. Оныӊ айтуынша, белгісіз біреулер аталған кәсіпорын аумағынан ұзындығы 106 метр болатын кабельді ұрлап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келтірілген залал мөлшері 268 мыӊ тенгені құрайды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексініӊ 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестрінде тіркелді.

Осы қылмыс бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларыныӊ барысында "Локомотив" АҚ-ныӊ 4 қызметкері анықталып, ұсталды.

Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны